Басты бет / Жаңалықтар / ҰЛТТЫҚ АСПАП – ҰЛТ МӘДЕНИЕТІНІҢ МӘЙЕГІ

ҰЛТТЫҚ АСПАП – ҰЛТ МӘДЕНИЕТІНІҢ МӘЙЕГІ

Alpamys School мектебінде 2024 жылдың 4 желтоқсанында өткен «Ұлттық аспап – ұлт мәдениетінің мәйегі» атты кездесу 5-6 сынып оқушыларының жүрегінде үлкен із қалдырды.

Қазақ тілі мен әдебиеті декадасы аясында ұйымдастырылған әсем кешке  Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының қызметкерлері Перизат Тұрарова мен Заңғар Мубараков арнайы шақырылды.  Перизат Тұрарованың домбырада шерткен күйлері мен көкжиекке самғаған дауысы, Заңғар Мубараковтың дауылпаз аспабында орындаған күйлері қатысушылар тамсандырды.

Оқушылар қонақтарға қызықты сұрақтар қойып, өнер шеберлерімен қызықты әңгімеге өрбітті. Өз кезегінде мектебіміздің домбыра үйірмесінің мүшелері де өнерлерін көрсетіп, қонақтардың қошеметіне бөленді.

Кездесу мақсаты – жас ұрпақтың бойында ұлттық сананы қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық мәдениетімізге деген сүйіспеншілікті арттыру болды. Бұл басқосу  осылайша ұрпақтарды біріктіріп, шығармашылыққа шабыттандырды, бірегей мәдениетімізді сақтауға шақырды.

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

29.01.2025

АЛПАМЫС МЕКТЕБІНДЕГІ БАТЫЛДЫҚ САБАҒЫ: ӨЖЕТТІК, АБЫРОЙ, ПАТРИОТИЗМ

Читать

«ИДЕЯЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ» — ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ

Читать

ALPAMYS SCHOOL КОМАНДАСЫ — FIRST ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІНІҢ ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ

Читать