Басты бет / Жаңалықтар / ТАБЫСҚА ЖЕТУ ЖОЛЫ: CALTECH СТУДЕНТІМЕН КЕЗДЕСУ

ТАБЫСҚА ЖЕТУ ЖОЛЫ: CALTECH СТУДЕНТІМЕН КЕЗДЕСУ

16 қыркүйекте Алпамыс мектебінің 9-11 сынып оқушылары Калифорния технологиялық институтының (Caltech) студенті Санжар Бисеналимен кездесті. Университет Caltech әлемдегі ең үздік 10 университеттің қатарына кіреді және NASA-мен ынтымақтастығымен танымал.

Санжар республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері. Оның жеке медальдар жинағында Халықаралық Менделеев олимпиадасының күміс және қола, беделді халықаралық химия олимпиадасының (IChO) күміс және алтын медальдары бар.

Кәсіптік бағдар беру кездесуі барысында Санжар Alpamys School жоғары сынып оқушыларына ЖОО мен гранттарды іздеу, емтиханға дайындық, құжаттарды тапсыру, оқу ерекшеліктері туралы айтып берді.

Балалар алған  жаңа және қызықты ақпараттар  өз болашағы жайлы ойлануға және мақсаттарды анықтауға көмектеседі.

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

19.09.2024

Ескендір – талапты шахматшы

Читать

16.09.2024

ТАБЫСҚА ЖЕТУ ЖОЛЫ: CALTECH СТУДЕНТІМЕН КЕЗДЕСУ

Читать

«ALPAMYS NOMAD GAMES» ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Читать