Басты бет / Жаңалықтар / Оқу грантын жеңіп ал, Алпамыс мектебінде оқы

Оқу грантын жеңіп ал, Алпамыс мектебінде оқы

Alpamys School мектебінің 5-10-сыныптарында қазақ тілінде оқуға білім беру гранты үшін іріктеу конкурсы жарияланды. Математика пәнінен олимпиада түрінде өтетін іріктеу  конкурсына республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қатыса алады.

Alpamys School осылайша дарынды балаларға өз ісінің тәжірибелі мамандарынан сапалы білім алу, бәсекелестікке қабілетті және жан-жақты болу бірегей мүмкіндіктерін  ұсынады.

Конкурс жеңімпаздарына мектеп құрылтайшысының бір жылдық оқу гранты беріледі. Грант көлемі 30 бен 100 пайыз аралығында болады.

Оқуда үздік нәтижелер көрсеткен жағдайда жыл соңында грант мерзімі келесі жылға автоматты түрде ұзартылады.

Конкурс 2024 жылдың 15 тамыз күні сағат 10.00-де Қабанбай батыр даңғылы 49/2 мекен-жайы бойынша өтеді. Үміткерлер өзімен бірге туу туралы куәліктің, өткен 2 жылдың табельдерінің, дипломдардың көшірмесін алып келуін сұраймыз.

 

Толығырақ мына телефондар арқылы біле аласыздар:

  • +7 (775) 307-06-33
  • +7 (777) 177-58-40

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

ИГІ ІСТЕР ЭСТАФЕТАСЫ БАСТАЛДЫ

Читать

ALPAMYS SCHOOL ТҮЛЕКТЕРІ – МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ

Читать

«ALPAMYS NOMAD GAMES» — ДӘСТҮР МЕН СПОРТ МЕРЕКЕСІ

Читать