2024 жылғы 21 қыркүйекте №50 мектеп базасында өткен республикалық «Ақберен» өнер байқауында мектебіміздің 9 «А»-сынып оқушысы Сәки Наркес «Ұлттық аспапта ойнау» бағытында жүлделі 3-орынға ие болды.
Сайысқа қатысқан 50-ге жуық домбырашылармен бақ сынасқан Наркес қазақ тілін құрметтеуге, елінің тарихын білуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге атасының ықпалы зор екенін айтады. Наркестің атасы Сәки Қайрат — атақты тарихшы, жазушы, зерттеуші.
Наркес «Ақберен» сайысына Құрманғазының «Байжұма», «Адай» күйлері мен Түркештің «Көңіл ашар» күйін дайындады. Техника жағынан күрделі саналатын Құрманғазының «Байжұма» күйін шеберлікпен орындаған талапты жас аспапты жақсы меңгергенін дәлелдей білді. «Күй тарту барысында көз алдыма қазақтың сұлу даласы елестеп, рухым көтеріледі. Алдағы уақытта әлде де көбірек дайындалып, тағы басқа сайыстарда бақ сынауға дайынмын» — дейді Наркес. Талабыңа нұр жаусын, өнерлі өрен!