СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ

Басты бет / СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ

МЕКТЕП: ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ — САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ НЕГІЗІ

Алпамыс мектебінің Академиялық саясатына сәйкес дене шынықтыру мен спорт оқушылардың денсаулығы мен белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Дене тәрбиесі саласындағы мектеп бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі – оқушыларда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысудың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Тұрақты жаттығулар оқушылардың оқуға көңіл бөлуіне көмектеседі, олардың өзіне деген сенімділігін арттырады, ақыл-ойдың сергектігін ынталандырады және өзін-өзі бағалауды дамытуға көмектеседі.

АЛПАМЫС МЕКТЕБІНДЕ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУҒА ЖАСАЛҒАН МҮМКІНДІКТЕР:

Мектепте оқушылардың денсаулығын нығайтуға барлық жағдай жасалған:

  • Барлық қажетті жабдықтары бар 2 спорт залы;
  • Өрмелеу қабырғасы;
  • 12 метр және ұзындығы 25 метр  болатын 2 жүзу бассейні.
  • Мектеп дәліздерінде, мектеп ауласында, ашық ауада ойнауға арналған алаңдар.

МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫ

Алпамыс мектебіндегі дене шынықтыру сабақтары 1-11 сыныптардағы оқу-тәрбие процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері әрбір сабақты балалардың дамуына ықпал ететіндей  қызықты өткізу  үшін көп жұмыс істейді.

Белгіленген стандарттарға сәйкес дене шынықтыру сабақтары  әртүрлі жаттығулар қоса отырып аптасына 3 рет (2 дене шынықтыру сабағы және 1 жүзу сабағы) өткізіледі.

Оқушылар қауіпсіздік ережелерімен танысқаннан кейін ғана дене шынықтыру сабақтарына жіберіледі.

Таза ауада серуендеу

Таза ауада серуендеу 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ кестесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Балалар күніне кемінде 30 минутты ашық ауада өткізеді. Серуен түстен кейін ұйымдастырылады.

СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАЛАР:

Оқушылар спорт секцияларына тартылып, «Спорттық отбасы», Денсаулық күндері, спорттық эстафеталар, жарыстар, мектеп чемпионаттары сияқты спорттық-сауықтыру шараларына үнемі қатысады.

Оқушыларымыз қалалық және республикалық олимпиадаларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

МЕКТЕПТЕГІ СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫ:

  • Жүзу
  • Футбол
  • Баскетбол
  • Волейбол
  • Гимнастика
  • Каратэ

Дене шынықтыру мұғалімдері:

Біздің мектепте жоғары білікті оқытушылар мен жаттықтырушылар тобы жұмыс істейді. Олардың көпшілігінде айтарлықтай спорттық жетістіктер бар.

Турчак Наталья Леонидовна

Турчак Наталья Леонидовна

Жаттықтырушы (қосымша білім беру) волейбол

Жеңіл атлетикадан спорт шеберіне кандидат

Биіктікке секіруден Қазақстан чемпионатының жүлдегері

1 – 11 сыныптар

Жаттықтырушы (қосымша білім беру) волейбол

Базарбай Қабдуали Болатұлы

Базарбай Қабдуали Болатұлы

Мини - футболдан жаттықтырушы

Еркін күрестен спорт шеберіне кандидат

Еркін күрестен облыстық жарыстардың 3 дүркін чемпионы 

Республикалық жарыстар жүлдегері

 

Мини — футболдан жаттықтырушы

Дүйсенбі-жұма 13:00-ден 17:00-ге дейін

Маймаков Сәбит Мергенұлы

Маймаков Сәбит Мергенұлы

Волейбол жаттықтырушысы

Жүзуден жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері спартакиадасының жүлдегері, 2024 жыл.

2022 жылы Павлодар облысы Білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс жарияланған.

Дошматов Сунгат Бейсембаевич

Дошматов Сунгат Бейсембаевич

волейболдан және футболдан жаттықтырушы

Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін

2019 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» Алғыс хатымен;

2020 жылы «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен;

2022 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің  Құрмет грамотасымен марапатталған.

Білім беру процесінің барлық қатысушыларын – оқушыларды, олардың ата-аналарын және мұғалімдерді біздің спорттық іс-шараларымызға белсенді қатысуға, спорттық бастамаларды қолдауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.