ЖҮЗУ СЕКЦИЯСЫ

Суда жүзу арқылы денсаулықты нығайтып, сырт келбетті ажарландыра түсуге болады. Сонымен қатар жүзу - адамның өзін-өзіне сенімді жүруіне, жұмысқа деген құлшынысты, белсенділікті арттырады. Жүзу спорт секциясының бағдарламасы оқушыларға жүзу дағдыларын игеруге, спортта да, өмірде де табысты даму үшін қажетті маңызды қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ:

• Оқушыларды жүзудің негізгі әдістері мен ережелерімен таныстыру.
• Физикалық төзімділікті, қозғалысты үйлестіруді және жалпы дене мүсінін дамыту.
• Спортпен шұғылдануға жауапкершілікпен қарауға және өз денсаулығына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
• Оқушыларды жарыстарға қатысуға және жүзу нормативтерін тапсыруға дайындау.

БАҒДАРЛАМА ҚҰРЫЛЫМЫ:

• Теориялық сабақтар: су спортымен айналысу кезіндегі ережелер мен қауіпсіздік талаптарымен танысу.
• Практикалық сабақтар: Негізгі жүзу стильдерін игеру (кроль, брасс, баттерфляй, арқада жүзу), жүзу техникасы мен жүзу жылдамдығын дамыту.
• Жарыстар мен іс-шараларға қатысу: мектепішілік жарыстар өткізу, қалалық жарыстарға қатысу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

• Оқушылардың суда өздерін еркін сезінетін болады, қауіпсіз жүзу дағдыларын меңгереді.
• Дене шынықтыруды жақсартады, бұлшық ет күші мен төзімділікті дамытады.
• Оқушылардың салауатты өмір салты мен спортқа деген қызығушылығын қалыптастыру.