ВОКАЛ ҮЙІРМЕСІ

"Вокал" үйірмесіне ән айтуға құштар, дауысы, музыкалық қабілеті бар барлық жастағы балалар қатыса алады. Бағдарламаға қатысу оқушыларға вокалдық шеберлік дағдыларын игеруге және музыкалық таным көкжиегін кеңейтуге көмектеседі. Үйірмеге қатыса отырып, балалар тек вокалдық дайындықты ғана емес, сонымен қатар заманауи және классикалық музыка маржандарымен танысады, көрермендер алдында өнер көрсетіп машықтанады.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ:

• Дыбыстық қабылдауды, интонация тазалығын, ырғақ сезімін дамыту, әрбір білім алушыны дұрыс және сауатты ән айтуға үйрету;
• Қатысушыларды сахна орындаушысы ретінде қалыптасуына ықпал ету, актерлік шеберлікті және орындаудағы мәнерлілікті дамыту.
• Оқушылар арасында вокалдық өнер мәдениетін насихаттау және өнерге деген қызығушылықты арттыру.

БАҒДАРЛАМА ҚҰРЫЛЫМЫ

• Вокалдық техниканың негізгі принциптерін, соның ішінде тыныс алуды, резонансты және артикуляцияны меңгеру.
• Танымал әндерді, халық әндерін, әртүрлі стильдер мен жанрлардағы вокалдық шығармаларды орындауды үйрену.
• Жетістіктері мен вокалдық орындау дағдыларын көрсету үшін шеберлік сағаттары мен концерттерге қатысу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

• Вокалдық техниканың негізгі принциптерін меңгеру және вокалдық дыбыс сапасын жақсартады.
• Музыкалық есту қабілетін дамытады.
• Көрермендер алдында сахналық шеберлік пен орындаушылық сенімділікті қалыптастырады.
• Музыка өнеріне қызығушылықты арттырып, эстетикалық талғамды дамытады.