АКТЕРЛІК ШЕБЕРЛІК
«Актерлік шеберлік» бағдарламасы оқушылардың шығармашылық әлеуеті мен актерлік дағдыларын дамытуға арналған. Бағдарлама актерлік талантын ашуға талпынған балаларға бағытталған. Сабақтар барысында қатысушылар кейіпкер бейнесіне ену, импровизация техникасын үйренеді, сахналық шеберлік элементтерін, актерлік ішкі және сыртқы техника заңдылықтарын меңгереді. Сонымен қатар оқушылар сахналық іс-әрекет негіздерімен танысады.
БАҒДАРЛАМА МАҚСАТТАРЫ:
• Мәнерлеп оқу, импровизация, мимика және ым-ишара - актерлік дағдыларды игеру.
• Рөл бойынша жұмыс, сахнадағы қойылым және серіктестерімен өзара әрекеттесу, сахна шеберлігінің негіздерін меңгеру.
• Оқушылардың шығармашылық ойлауы мен қиялын қалыптастыру.
• Театр қойылымдары мен кинематографиялық жобаларға қатысуға дайындық.
БАҒДАРЛАМА ҚҰРЫЛЫМЫ:
• Мәнерлеп оқу және дикция сабақтары.
• Мимика және жестикуляция бойынша практикалық сабақтар.
• Мәтінмен жұмыс және рөлдерді талдау бойынша сабақтар.
• Кәсіби актерлер мен режиссерлердің шеберлік сабақтары.
• Репетициялар өткізу және сахналық қойылымдарға дайындық.
• Мектептің театрлық және кинематографиялық жобаларына қатысу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:
• Оқушылардың актерлік шеберлігі мен өзіне деген сенімділігін арттыру.
• Коммуникативті дағдылар мен сөйлеу техникасын жетілдіру.
• Оқушыларды шығармашыл және жауапты тұлға ретінде қалыптастыру.
• Сахналық қойылымдарға қатысуға дайындық.