АҒАШ ӨҢДЕУ ҮЙІРМЕСІ

Ағаш өңдеу үйірмесінің бағдарламасы оқушыларды ағашпен жұмыс істеу негіздерімен таныстыру, осы саладағы дағдыларын дамыту мақсатында әзірленген. Бағдарлама балаларды ағаш ұсталығына баулып, ағаш өңдеуді үйретеді, шығармашылық ойлауы мен қиялын дамытады.
Бағдарламаға қатысу балаларды күнделікті өмірде қолдана алатын құнды дағдылар мен тәжірибелермен байытады.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ:

• Оқушыларды ағашпен жұмыс істеуге арналған негізгі құралдар мен материалдармен таныстыру.
• Әр түрлі ағаш бұйымдарын жасау арқылы шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту.
• Оқушыларда табиғи материалдарды құрметтеу, экологиялық сананы қалыптастыруға ықпал ету.

БАҒДАРЛАМА ҚҰРЫЛЫМЫ:

• Ағаш өңдеуге арналған құралдар мен жабдықтармен танысу.
• Қол станоктарында жұмыс істеу: токарлық және тегістеу станоктарын игеру.
• Ойыншықтар, жақтаулар және т.б. әртүрлі ағаш бұйымдарын жасауға арналған практикалық сабақтар.
• Ағаш өңдеу әдістері мен тәсілдерін талқылау қатысушылар арасында шығармашылық идеялар мен тәжірибе алмасу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

• Аралау, тегістеу, желімдеу және әрлеу сияқты ағаш өңдеудегі негізгі дағдыларды меңгереді.
• Шығармашылықты, қолөнер қабілеттерін дамытады.
• Бұйымдарды жасау шеберлігі мен сапасын арттыру.
• Табиғи материалдарды құрметтеуге үйрету және олардың құндылығын түсіну.