оқушы
сыныптағы оқушы саны
Ұлт өкілдері
Оқушылар мен оқытушылар қатынасы
«Бүгін және қазір, болжай біл және алдын ал» ұранын іске асыру үшін мектеп қолда бар барлық ресурстарды толық пайдалануға тырысады.
Оқушыларымыз басқалар қиындықтарды көретін жерде жаңа мүмкіндіктерді көре алатын табысты көшбасшы болуы үшін біз өткеніміз бен келешегіміздің арасындағы үйлесімді сабақтастыққа ұмтыламыз.
Біздің мақсатымыз – жай ғана уақыт ағымына ілесу емес, заман талабына бейім, болашағын болжай білетін, қиындықтың алдын алатын тұлға қалыптастыру.
Алпамыс мектебі – әртүрлі мәдениеттер тоғысқан, баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін балалар, ата-аналар мен мұғалімдердің бірегей қауымдастығы.
Алпамыс мектебінде жаһандық азаматтықтың төрт қағидасы білім мен тәрбие үрдісінде ұтымды үйлесімін тапқан:
Алпамыс мектебінің құндылықтары барлық іс-әрекетті жүзеге асыруда басшылыққа алатын практикалық нұсқаулық болып табылады.
Құндылықтар – біздің мінез-құлқымызды, оқу процесіне көзқарасымызды және бір-бірімізге деген қатынасымызды анықтайтын басты факторлар. Біздің құндылықтарымыз шабыттандыратын оқуға ықпал ететін бірегей ортаны құрайды.
Алпамыс мектебінде біз оқушыларымызды қоршаған әлемге оң өзгерістер енгізе алатын жауапты тұлға болуға ынталандырамыз.
Біз оқушыны өз әрекеті мен жасаған ісіне жауапкершілікпен қарауға, сол іс-әрекет әсерінің қандай болатынын түсінуге үйретеміз. Мектебімізде оқушылар өзін-өзі тануға және ортақ игіліктерге үлес қосуға үйренеді.
Біз үшін жауапкершілік жай ғана парыз емес, мықты мінез бен азаматтықты қалыптастырудың негізгі элементі.
Алпамыс мектебінде ұлттымыздың мәдениетін, өзіміздің ғана емес, басқа халықтардың да тарихы мен дәстүрін құрметтеуге шақырамыз. Біз әртүрлі мәдениеттер мен көзқарастарды құрметтеуге үйрету арқылы әртүрлілікті түсінуге, толеранттылықты дамытуға ұмтыламыз.
Сонымен қатар, біз табиғатты құрметтеуге көп мән береміз. Өзін-өзі тану, мәдени мұраны және табиғатты құрметтеу – оқушыларға сіңіретін құндылықтардың ажырамас бөлігі.
Алпамыс мектебінде оқушыларымызды өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және өзара шынайы қарым-қатынаста болуға шақырамыз.
Мектептегі оқу-тәрбие үрдісі барысында балалардың өз қателіктерінен сабақ алуына және оларды түзетуге деген ұмтылысын тудыруға мән береміз.
Алпамыс мектебінде біз тек білім беріп қана қоймаймыз, сонымен қатар оқушыларымыздың өмірде адал, ашық және жауапты тұлға болып қалыптасуына көмектесетін құндылықтарды дамытамыз.
Алпамыс мектебінде болашақ көшбасшыларды қалыптастырамыз. Біздің оқушылар белсенді болуға, алдына нақты мақсаттар қоюға және басым бағыттарды дұрыс анықтауға үйренеді.
Алпамыс мектебінде көшбасшылық – бұл жай ғана дағдылар жиынтығы емес, ол оқушыларға өз мүмкіндіктерін сәтті жүзеге асыруға және қоршаған әлемге оң өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін өмір салты.
Толеранттылық – Алпамыс мектебінің басты құндылықтарының бірі. Біз адамдардың ерекшелігін бағалауға және құрметтеуге, әр адамның сезімін, тілектерін, құқықтары мен дәстүрлерін ескеруді үйренуге шақырамыз.
Мектеп оқушылардың қарым-қатынас жасау қабілетін дамыта отырып, әртүрлі адамдар мен идеялар қоғамдастығында өмір сүруге дайындайды. Біз басқалардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмей, тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болуын қолдаймыз.
Алпамыс мектебі оқушының айырықша ерекшеліктерін ескере отырып өз әлеуетін аша алатын толерантты білім беру ортасын құруға тырысады.
Жанға жайлы мектеп, комфорт аймағын құру – Алпамыс мектебінің айқын мақсаты.
Мектебімізде оқушының өзін-өзі дамыта алуы, денсаулықты сақтау, жағымды эмоциялар тудыру, психологиялық жайлылық ұғымдары маңызды рөл атқарады.
Біз оқушылардың жақындарымен және басқа адамдармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуына жағдай жасаймыз, жеке мақсаттарға жетуіне көмектесу арқылы болашаққа сенімді көзқарасын қалыптастырамыз.
Алпамыс мектебі – ашық мектеп, сондықтан оның ақпараттық саясатында ашықтық ерекше орын алады. Біз қоғаммен кең байланыс жасай отырып, мектептің мақсаттары, оны іске асыру жолдары және қол жеткізген нәтижелері туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Біздің мектепте әрбір оқушы батыл болуға және жаңа мүмкіндіктерге ашық болуға талпынады. Ашықтық арқылы әрбір оқушының әлеуетін дамытуға, мектеп өміріне белсенді араласуына және идеялар алмасуына қолдау көрсетеміз.
Алпамыс мектебі - өзара сыйластық пен оқуға деген сүйіспеншілікке негізделген, оқушылардың әртүрлі салада дамуына мүмкіндік беретін толық күн мектебі.
Алпамыс мектебі барынша қолайлы оқу ортасын құруға ұмтылады.
Мектебімізде әрбір балаға көмектесуге және қолдауға дайын білікті мамандар, жоғары нәтижеге жетуге тырысатын өршіл мұғалімдер жұмыс істейді. Олар кішкентай Алпамыстарымыз үшін үздіксіз оқуға, шәкірттерімен бірге және шәкірттерінен сабақ алуға әрқашан дайын.
Біз пікірталастарға, ой бөлісуге, ынтымақтастыққа әрқашан ашықпыз!
Сіздерді білім беру мен тәрбие саласындағы түйткілді мәселелерді бірге талқылауға шақырамыз.
Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) – білім беру стандарттарының жоғары деңгейін ілгерілетуге және қолдауға бағытталған коммерциялық емес ұйым.
Бүгінгі таңда Кеңес 123 елден 729 мектепті, 556 университет пен колледжді біріктіреді, сонымен қатар әлемнің 50 үздік университетімен ынтымақтастық орнатқан.
БҰҰ – бұл бір-бірімен ынтымақтасуға және әлемдегі мәселелерді бірлесе шешуге көмектесетін Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болашақ қақтығыстардың алдын алу және біздің планетамызды адамзат үшін жақсы орынға айналдыру мақсатында құрылды.
Ол әлемнің 193 елін біріктіріп, бейбіт идеяларды таратумен және адам құқықтарын қорғаумен айналысады.