Басты бет / Жаңалықтар / «АРМЫСЫҢ, АЛТЫН ҰЯМ — АЛПАМЫС!»

«АРМЫСЫҢ, АЛТЫН ҰЯМ — АЛПАМЫС!»

1 қыркүйекте мектебімізде Білім күніне арналған «Армысың, Алтын ұям — Алпамыс!»  атты 1-сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын өтті. Білім күні білімге құштар 200-ге жуық балдырған Алпамыс мектебі қауымдастығына қосылып, білім әлеміне қызықты саяхат бастады.

Мектептің жаңа оқушыларын құттықтаған Alpamys School директоры Мейрам Жакенов кішкентай батырларға сәттілік тілеп, олардың талапты, білуге құштар, зерек оқушы болатынына сенімділік білдірді.

Бірінші сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын, мектеп мұғалімдерін Еуропалық Одақтың орта білім беруді дамыту саласындағы халықаралық сарапшысы Айгүл Өмірқызы Қазжанова  құттықтады. Өз сөзінде ол мектептің жетістіктерін атап өтіп, келешектегі даму перспективаларын белгіледі.

Салтантты жиында мектептің шежіре Кітабын жаңадан келген бүлдіршіндерге тапсыру құрметі 11F сынып оқушылары Алиби Абдыхалық пен Алина Масхутоваға берілді.

«Біз мектептің шежіресіне оқудағы, ғылыми жарыстардағы, спорттағы және шығармашылықтағы жетістіктерімізді жаздық. Енді шежіре кітабын  мектебіміздің жаңа буын өкілдеріне бергіміз келеді. Біздің мектептің жаңа жетістерге толы тарихын жазуды  осы балдырғандар жалғастыратын болады» — деді 2025 жылы мектеп бітіретін түлектер.

2024-2025 оқу жылы басталғаны жайлы әлемге жар еткен Алғашқы қоңырауды 11- сынып оқушысы, мектеп Президенті, оқу үздігі  Аружан Саданова мен 1A сынып оқушысы Мағжан Ораз соқты.

2024 жылғы Алғашқы қоңырау мерекесі  біздің елімізде өткізілетін Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарымен сәйкес келді. Әрине, бұл маңызды оқиға Алпамыс мектебінің назарынан тыс қалған жоқ. 2 қыркүйектен бастап мектебімізде Алпамыс Көшпенділер ойындары басталатыны хабарланды.

Мерекелік салтанат соңында мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушыларды құттықтаған 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тұмарлары Арлан мен Ханшайым балаларға нар түйеге тиелген арнайы сыйлықтарды табыс етті.

Бұл оқу жылы барлығымыз үшін шабыттандыратын жаңалықтар жылы болсын! Алға, жаңа білім мен жетістіктерге!

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

ИГІ ІСТЕР ЭСТАФЕТАСЫ БАСТАЛДЫ

Читать

ALPAMYS SCHOOL ТҮЛЕКТЕРІ – МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ

Читать

«ALPAMYS NOMAD GAMES» — ДӘСТҮР МЕН СПОРТ МЕРЕКЕСІ

Читать