Басты бет / Жаңалықтар / ALPAMYS SCHOOL ТҮЛЕКТЕРІ – МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ

ALPAMYS SCHOOL ТҮЛЕКТЕРІ – МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ

Биыл Алпамыс  мектебі алғаш рет түлектерін ұядан ұшырды.

Мектеп мақтан тұтатын 13 бітіруші жастардың қатарында пәндік олимпиадалар мен түрлі байқаулардың жеңімпаздары бар. Чувакова Камила – ерекше үлгідегі аттестат иесі, ағылшын тілі бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің күміс жүлдегері. Маратбеков Ерасыл – STEM Олимпиада қалалық және информатика бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жүлдегері. Мәсел Ерсұлтан – орыс тілі бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің күміс жүлдегері және STEM Олимпиада қалалық олимпиадасының жүлдегері. Недзвецкая Эдита  қазақ тілі олимпиадасының жеңімпазы, құқық негіздері бойынша облыстық олимпиаданың жүлдегері.

Бүгінде барлық түлектер – жетекші  қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері. Эдита грант алып, Beijing Language and Culture University-ге түсті, Ерасыл, Бақтияр және Шәкәрім Astana it University-де ақпараттық технологияларды зерттейтін болады. Алексина Швейцарияда, ал Даниза Кипрде оқиды. Диас оқу үшін Испанияны, ал Камила Швецияны таңдады.

Жаңа оқу жылының алғашқы күндерінде оқушылар «Түлектер аллеясында» отырғызған ағаштарға бекітілген атаулы тақтайшаларға қызығушылықпен қарайды. Онда жазылған мектептің алғашқы түлектерінің өмірлік ұстанымымен танысады. Алпамыс мектебіне келген жаңа ұрпақ жаңа биіктерді бағындыруға аттанған  аға-апаларының  ұмтылыстары мен мұраттары туралы біліп,оларға қарап бой түзейді.

Түлектерімізге сәттілік және болашақта үлкен табыс тілейміз!

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

ИГІ ІСТЕР ЭСТАФЕТАСЫ БАСТАЛДЫ

Читать

ALPAMYS SCHOOL ТҮЛЕКТЕРІ – МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ

Читать

«ALPAMYS NOMAD GAMES» — ДӘСТҮР МЕН СПОРТ МЕРЕКЕСІ

Читать