Басты бет / Жаңалықтар / Alpamys School: Халықаралық болашаққа қадам

Alpamys School: Халықаралық болашаққа қадам

Осы аптада барлық 10-11 сынып оқушылары IELTS тегін сынақтан өтіп, қазіргі ағылшын тілін білу деңгейін бағалауға және тілді меңгеруде қандай аспектілер бойынша жұмыс істеу керектігін түсінуге мүмкіндік алды.
Неліктен IELTS?
IELTS халықаралық сертификаты әлемдегі жетекші университеттер мен беделді компанияларға есік ашады. Бұл емтиханның маңыздылығына ерекше мән бере отырып, Алпамыс мектебі оқушыларының дайындығына белсенді қолдау көрсетеді.
IDP IELTS Kazakhstan серіктестігі
Жоғары сынып оқушыларымызды жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету үшін мектеп «IDP IELTS Kazakhstan»ЖШС-мен серіктестік келісім жасадық. Осы ынтымақтастық арқылы оқушылар:
IELTS емтиханына басымдықпен тіркелуге;
IELTS тапсыруға жеңілдік сертификаттарын алуға;
Емтиханға қатысты барлық мәселелер бойынша кешенді қолдау алады.
Сондай-ақ, IDP IELTS Kazakhstan халықаралық емтиханға дайындық әдістемесі бойынша мұғалімдерге кеңес береді.

Сынақ тестілеуі жоғары сынып оқушыларына тілді меңгерудегі күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, тесттің құрылымы мен талаптарын жақсы түсінуге көмектесті. Енді олар өздерін жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырады.
Сынақ тестілеу нәтижелері негізінде біздің оқушылар мұғалімдермен бірлесіп жеке дайындық жоспарларын әзірлейді. Мектеп алға қойылған мақсаттарға жету үшін барлық қажетті ресурстар мен қолдауды қамтамасыз етеді. Біздің мектептің оқушылары IELTS емтиханын сәтті тапсырып, жаңа көкжиектерді ашатынына сенімдіміз!

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

Алпамыс мектебінің Президентін ұлықтау: мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жаңа даму кезеңі

Читать

04.10.2024

Құрметті ұстаздар!

Читать

04.10.2024

Алпамыс мектебіндегі қайырымдылық дастарханы

Читать