Басты бет / Жаңалықтар / ALPAMYS SCHOOL-ДАҒЫ НАУРЫЗ: КӨКТЕМ, ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ДӘСТҮР МЕРЕКЕСІ!

ALPAMYS SCHOOL-ДАҒЫ НАУРЫЗ: КӨКТЕМ, ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ДӘСТҮР МЕРЕКЕСІ!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған Әз-Наурыз – көктем  мерекесін Aлпамыс мектебі ауқымды іс-шаралармен қарсы алды.

Биылғы жылы 10-20 наурыз аралығында өткен «Наурызнама» мерекелік марафонының шарықтау шегі  «Ұлыстың ұлы күні» атты салтанатқа тұспа-тұс келді.

Наурызнама достықтың, бірліктің және халқымыздың бай мәдени мұрасын насихаттаудың үлгісіне айналды. Мектеп қызметкерлері, оқушылар мен ата-аналар бірлесіп, түрлі іс-шаралардың, спорттық жарыстар мен өнер сайыстарының ұйытқысы болды.

Ата – аналар ұйымдастырған қызықты шеберлік сағаттарында балалар қазақтың бас киімдерімен танысты, камшы өруді, кеселерді оюлармен әрлеп, әсемдеуді, талқан дайындауды үйренді.

Мектептің спорт залында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтті, онда балалар садақ, асық атудан жарысты, білектесіп, арқан тартты. Мектептің жас спортшылары жарысып, ептіліктері мен шапшаңдықтарын, спорттық рух күшін сынға салды.

Мерекелік салтанатқа жиналған көптің көңілінен шыққан оқушылар дайындаған музыкалық шашу — концертте халық әндері шырқалып, күмбірлеген күй тартылды, түрлі ұлттың билері орындалды.

Қонақтар тәттілер қойылған дастарханнан дәм татты.  Наурыз-көже, бауырсақ және ұлттық тағамдардың хош иісі мерекелік көңіл-күйді көтерді.

Ұрпақтар сабақтастығының жəне халқымыздың тереңнен тамыр тартатын салт-дəстүрі мен мəдениетінің символына айналған  Наурыз мейрамы барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды!

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

ALPAMYS SCHOOL БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ — «АЛТЫН ТҰҒЫР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

Читать

22.03.2025

ALPAMYS SCHOOL-ДАҒЫ НАУРЫЗ: КӨКТЕМ, ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ДӘСТҮР МЕРЕКЕСІ!

Читать

08.03.2025

АЛПАМЫС КӨКТЕМДІ ҚАРСЫ АЛДЫ: НАУРЫЗДЫҢ БІРІНШІ АПТАСЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ОҚИҒАЛАР

Читать