Біздің мектепте 5-9 сынып оқушылары қытай тілін екінші шет тілі ретінде оқумен қатар Азия құрлығындағы ірі мемлекеттің мәдениеті мен тарихымен танысады.
29 қаңтарда біздің мектепте Қытайлық Жаңа жыл — «Чуньцзе» (көктем мерекесі) арналған мерекелік іс-шаралар өтті! Бұл жай ғана жарқын мереке емес, өркениеті дамыған аспан империясының мәдениетімен танысу, дәстүрлері мен өнеріне бойлау мүмкіндігі.
Таңертең балалар Қытай каллиграфиясында өздерін сынап көрді, аспан асты елі туралы викториналық сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ ұлттық «доули» қалпағын безендірді.
Түстен кейін оқушылар акт залына мерекелік концертке жиналды: халық билері мен әуезді әндер, ұлттық қытай костюмдеріндегі дефиле қатысушыларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.
Біз әлем халықтарының дәстүрлерін құрметтеу әлемді мейірімді және жақын ететініне сенімдіміз!