Басты бет / Жаңалықтар / АЛПАМЫС МЕКТЕБІ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯДАН СӘТТІ ӨТТІ

АЛПАМЫС МЕКТЕБІ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯДАН СӘТТІ ӨТТІ

2024 жылдың 31 мамыры Алпамыс мектебі үшін маңызды күн болды. Мектеп ҚР Білім министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің аттестаттау комиссиясының мемлекеттік аттестациядан сәтті өткенін растайтын хаттамасын алды.

Аттестаттау ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес бес жылда бір рет жүргізіледі және білім беру процесінің барлық қатысушыларын: мұғалімдерден бастап білім алушыларды, олардың ата-аналарын қамтиды.

Аттестаттау үдерісі көп сатылы бірнеше кезеңдер бойынша өтті. Ерекше назар білім сапасына, төртінші, тоғызыншы және он бірінші сыныптарда жүргізілген тестілеу нәтижесіне аударылды. Төртінші сынып оқушылары жоғары білім деңгейін, жақсы нәтиже көрсетті. Жоғары сынып оқушылары да өздерінің білім деңгейі мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес келетінін дәлелдеп шықты.

Сонымен қатар, аттестаттау барысында ата-аналар, оқушылар мен педагогтар арасында сауалнамалар жүргізілді, материалдық-техникалық базаның, кадр құрамының және басқа да аспектілердің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау жүзеге асырылды.

Аттестаттаудан сәтті өту – бұл  мектеп ұжымының тынымсыз еңбегінің жемісі. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен  жұмысқа деген құлшынысының, ата-аналардың қызу қолдауының арқасында мектеп өзінің жоғары мәртебесін тағы бір рет растады.

Мектеп осы маңызды жетістікке үлес қосқан ұжым мүшелеріне алғыс айтады және білім берудегі жаңа биіктерге ұмтылуды жаңа серпінмен жалғастырады.

Алпамыс мектебі өз оқушыларына жоғары стандарттарға сәйкес келетін сапалы білім беруді одан әрі қамтамасыз ететін болады.

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

АЛАННЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫ ЖЕТІСТІГІ

Читать

АЛПАМЫС МЕКТЕБІ — 6 ЖЫЛ БІРГЕ!

Читать

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Читать