Басты бет / Жаңалықтар / ALPAMYS CIS САРАПШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАЙДЫ

ALPAMYS CIS САРАПШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАЙДЫ

7 сәуірде біздің мектепте Халықаралық Мектептер Кеңесі (CIS) сарапшыларының дайындық сапары басталды — бұл халықаралық аккредиттеу жолындағы маңызды кезең.

Үш күн бойы мектепте CIS өкілдері — Кристофер Мажио мен Майк Спенсер жұмыс істейтін болады. Олардың міндеті — білім беру қауымдастығына қолдау көрсету, мектептің ерекшеліктерін тереңірек түсіну және келешектегі ынтымақтастық векторларын анықтау.

Бірінші күні қонақтарды мектеп президенті және мектеп парламентінің мүшелері — Бақытбек Аружан, Жакенова Альмира және Қуантханов Әлихан қарсы алып, мектеппен таныстырды. Балалар оқушылардың өмірі, жетістіктеріміз бен дәстүрлеріміз туралы айтып берді. Сарапшылар мектептің ерекше атмосферасымен, оның инфрақұрылымымен және білім беру бағдарламаларымен жақынырақ танысты.

7-9 сәуір аралығында сарапшылар сабақтарға қатысады, оқушылармен, мектеп қызметкерлерімен сұхбаттасады, мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекеттесуін бақылайды, мектеп өмірінің ұйымдастырылу тиімділігін анықтайтын болады. Оқу – тәрбие процесі, білім беру сапасы мен оқушылардың әл-ауқатының халықаралық стандарттарына сәйкестігі басты назарға алынады.

Мектеп ұжымы үшін бұл сапар – алға  жасалған маңызды қадам. Біз мектептің  тыныс-тіршілігімен бөлісуге қуаныштымыз және алда қызықты, жаңа бастамалардың көп екеніне сенімдіміз!

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

ҚАҒАЗ ҰШАҚТАР ТУРНИРІ: ЖҰЛДЫЗДАРҒА ҚАДАМ

Читать

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ: НАЗАРДА — ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

Читать

ALPAMYS CIS САРАПШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАЙДЫ

Читать