Басты бет / Жаңалықтар / ALPAMYS SCHOOL БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ — «АЛТЫН ТҰҒЫР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

ALPAMYS SCHOOL БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ — «АЛТЫН ТҰҒЫР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

Біздің мектептің бастауыш сынып мұғалімі Евгения Викторовна Капралова «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасында 1 орынды жеңіп алды!

Наурыздың соңғы күндері Астанада өткен ұстаздар жарысын ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Зерделі» білім беру орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 158 үздік педагог қатысты.

Олимпиаданың басты мақсаты – мұғалімдердің  кәсіби шеберлігін дамыту, олардың мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін ашу. Бәсекелестік жоғары болғанына қарамастан Евгения Викторовна теориялық дайындық пен педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетіп, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталған  жеңімпаздар қатарынан көрінді. Евгения Викторовнаны осынау үлкен жеңісімен құттықтаймыз! Біз  білікті маманды мақтан тұтамыз және әріптесімізге жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ: НАЗАРДА — ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

Читать

ALPAMYS CIS САРАПШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАЙДЫ

Читать

ALPAMYS SCHOOL БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ — «АЛТЫН ТҰҒЫР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

Читать