Алпамыс мектебіндегі Алғыс айту күні мейірімділік пен шынайы эмоциялардың жарқын мерекесі болды!
Таңертең ұйымдастырылған «Құшақ жаю» акциясы күнді ерекше ықыласқа, жылы тілектерге толтырды. Құшақтасу — қамқорлық пен ризашылық білдірудің қарапайым, әрі маңызды тәсілі.
Күні бойы тақырыптық көрмелер мен танымдық сағаттар өтті. Онда балалар мектепте жайлы орта қалыптастыру үшін аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлердің жұмысын бағалаудың қаншалықты маңызды екенін, неге алғыс әлемді мейірімді ететінін және өз ризашылықтарын қалай білдіруге болатынын білді.
Бұл күні мектептің барлық қызметтеріне — мұғалімдерге, тазалық, асхана, күзет жұмыскерлеріне алғыс айтылды. Балалар сыйға тартқан «жүректер» күнделікті көзге көріне бермейтін ауыр еңбекті бағалаудың әсерлі белгісі болды.
Алпамыс мектебі:
Ата-аналарға – сенім мен қолдауы үшін,
Мұғалімдерге – шабыт пен балаларды тәрбиелеуге қосқан баға жетпес үлесі үшін,
Мектептің барлық серіктестертеріне — жылулық, мейірімділік және жаңа жетістіктерге жету жолындағы көмегі үшін айлғыс айтады.
Алғыс әр күннің бір бөлігі болсын! Бір-бірімізге деген алғысымыз таусылмасын!