Басты бет / Жаңалықтар / ИГІ ІСТЕР ЭСТАФЕТАСЫ БАСТАЛДЫ

ИГІ ІСТЕР ЭСТАФЕТАСЫ БАСТАЛДЫ

12 қыркүйекте Алпамыс мектебінде қараусыз қалған жануарларды қорғауға арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде қолдан жасалған бұйымдар: балалар суреттері, қағаздан, матадан, ағаштан жасалған қолөнер бұйымдары, бисерден тізілген әшекей заттар сатуға ұсынылды.

«Басты мақсат — қамқорлық пен жылулыққа мұқтаж жан-жануарға көмектесу ғана емес, алпамыстықтарды игі істер жасау — ортақ идеямен біріктіру. Иесіз жануарлар мәселесіне назар аудару және қаладағы қаңғыбас жануарлар баспаналарына қамқорлық жасау мектептегі өзін-өзі басқару ұйымы жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Қазан айының соңында біз жануарлар көрмесін өткізуді жоспарлап отырмыз, онда балалар үй жануарларын ұстау, оларға күтім жасау және оларды жан жылуына бөлеу қандай болатынымен бөліседі», – деп атап өтті директордың орынбасары Э.Иманбекова.

Жәрмеңкеде жиналған  500 мыңнан аса тенге қаражат «Я живой» қаңғыбас жануарларға арналған баспанаға көмектесуге жұмсалады.

Акцияны қолдап, игі іске үлес қосқандардың барлығына рахмет айтамыз!

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

19.09.2024

Ескендір – талапты шахматшы

Читать

16.09.2024

ТАБЫСҚА ЖЕТУ ЖОЛЫ: CALTECH СТУДЕНТІМЕН КЕЗДЕСУ

Читать

«ALPAMYS NOMAD GAMES» ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Читать