ФОРТЕПИАНО МЕКТЕБІ

"Фортепиано мектебі" - оқушылардың музыкалық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында құрылған, фортепианода ойнау дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін үйірме. Бағдарламаға қатысу оқушыларға өнер әлемінде жаңа көкжиектер ашады.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ:

• Музыкалық қабілет және фортепианода ойнау дағдыларын дамыту.
• Оқушылардың эстетикалық талғамы мен көркемдік мәдениетін қалыптастыру, музыкалық өнерге деген қызығушылығын тәрбиелеу.
• Музыкалық теория мен музыкалық сауаттылық негіздерін оқыту.
• Әр қатысушының шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту.

БАҒДАРЛАМА ҚҰРЫЛЫМЫ:

• Музыкалық сауаттылық, фортепианода ойнау негіздерімен танысу және ойын техникасын практикалық оқыту.
• Әр түрлі стильдер мен жанрлардағы музыкалық шығармалармен танысу.
• Музыкалық қабілет және көркемдік орындауды дамыту бойынша жұмыс.
• Көрермендер алдында өнер көрсету тәжірибесі.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

• Фортепиано тарту дағдыларын игеріп, музыкалық талантты дамытады.
• Музыкалық теория мен үйлесімділік негіздерін түсінеді.
• Әр түрлі музыкалық шығармаларды ойнай біледі және көрермендер алдында өнер көрсетеді.