"INTRO"ВОКАЛДЫ-АСПАПТЫҚ АНСАМБЛІ

"Intro" мектептің вокалды-аспаптық ансамблі оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен музыкалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Ансамбльдің дайындық сабақтары музыкалық аспаптарда ойнау, ән салу дағдыларын меңгеруді қамтиды. Бағдарламаға қатысу балаларға өздерінің музыкалық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді, ынтымақтастық, шығармашылық және музыка арқылы қарым-қатынас жасау қуанышын сыйлайды.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ:

• Оқушылардың музыкалық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету.
• Ансамбль құрамында аспапта ойнау және өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру.
• Музыка мен музыкалық шығармашылыққа деген қызығушылықты арттыру.

БАҒДАРЛАМА ҚҰРЫЛЫМЫ:

• Музыкалық теория, вокалдық және аспаптық техника негіздерін оқып-үйрену.
• Тәжірибелі музыка жетекшісінің жетекшілігімен жеке дайындық сағаттары.
• Әр түрлі стильдер мен жанрлардағы музыкалық шығармалармен танысу және оларды орындап үйрену.
• Мектепте, мектептен тыс концерттерге, іс-шараларға және қойылымдарға қатысу, өнер сөрсету.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

• Вокал мен аспаптарда музыкалық қабілеттер мен орындау дағдыларын дамытады.
• Көрермендер алдында өнер көрсету тәжірибесін жинақтайды және сахналық қорқынышты жеңеді.
• Музыкалық шығармашылық әлеміне еніп, бірлесіп музыка ойнау үрдісінен рахат алады.