Бүгін «Alpamys Robo-Ғалам » Жазғы мектебінің салтанатты ашылуы өтті. Биылғы жылы Жазғы мектептің бірінші маусымына робототехникаға құмар және жоғары технологиялар әлемін ашуға ынталы 120-дан астам бала жиналды.
Ашылу салтанатында балаларды көптеген тосынсыйлар мен қызықты тапсырмалар дайындаған «Alpamys-Хогвартс» тәлімгерлері мен профессорлары қарсы алды. Олар «Тарату қалпағының» көмегімен Жазғы мектеп оқушыларын факультеттерге бөлді. Келесі 10 күн ішінде факультеттерде жеткіншектер уақытты көңілді әрі пайдалы, бойымен қатар, ойы да өсетіндей етіп өткізуіне барлық жағдай жасалған.
Жазғы мектеп аясында оқушылар робототехникада алғашқы білім мен дағдыларды алады. Оқыту бағдарламасына роботтарды жобалау негіздері, схемотехника, робототехникалық құрылғыларды монтаждау және бағдарламалаудың негізгі принциптері енгізілген. Күн сайын балалар «Инженер дәптері» көмегімен робототехника мен инженерияның қызықты әлеміне терең үңілуге мүмкіндік ала отырып, өз жобаларымен жұмыс істейтін болады.
Оқудан басқа,» Alpamys Robo-Ғалам » маусымында тақырыптық квесттер, шеберханалар, серуендер және ашық ауада түрлі ойындар жоспарланған. Бұл іс-шаралар балаларға техникалық дағдыларын дамытып қана қоймай, жаңа достар табуға, сондай-ақ топта жұмыс істеуге үйренуге көмектеседі.
Жазғы мектепті аяқтағаннан кейін барлық қатысушылар өздерінің жетістіктерін растайтын сертификаттар алады. Бұл жағымды бонус, жас инженерлер портфолиосына салынатын керемет қосымша.
«Alpamys Robo-Ғалам» жазғы мектебінің барлық қатысушыларына сәттілік, робототехникалық шытырман оқиғаларына шабыт тілейміз!