Ем-шара қабылдау: Балалар дәрігерінің қабылдауы және медициналық процедуралар заманауи бақылау-өлшеу құралдарымен, аспаптармен, жиһаздармен жабдықталған арнайы бөлмелерде жүргізіледі.
Уақытша оқшаулау: біз үшін барлық оқушыларымыздың қауіпсіздігі маңызды. Уақытша оқшаулау бөлмесі науқастанған оқушыға тиімді күтім жасау үшін қажетті құрал-жабдықтармен жасақталған.
Мектептің медициналық қызметінде жоғары білікті маман-дәрігерлер қызмет етеді, олар сапалы алғашқы көмек көрсетуге және әрбір оқушының денсаулығына қамқорлық жасауға дайын.
Алпамыс мектебінде біз тек медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін белсенді жұмыс жүргіземіз. Бұл бағыттағы күш-жігеріміз бірнеше негізгі аспектілерді қамтиды.
1. Оқушылар келесі жағдайларда мектептегі медициналық қызметке жүгіне алады:
2. Оқушылар мұғалімге, сынып жетекшісіне, үйірме, секция жетекшілеріне алдын ала хабарлап, сабақтың немесе іс-шараның аяқталуын күтпей-ақ, ал төтенше жағдайларда мұғалімге алдын ала ескертпестен мектептің медициналық кабинетіне баруға құқылы.
3. Мектептің медициналық кабинетіне барған кезде оқушылар келесі медициналық қызметтерді ала алады:
4. Медициналық көмек алу барысында оқушылар медициналық кабинет қызметкеріне келесі жайларды хабарлауға міндетті:
5. Оқушылар медициналық кабинетке барған кезде:
Дәрігерлер берген нұсқауларды уақтылы және толық орындауға міндетті.
6. Оқушы медициналық кабинетке барып келгеннен кейін:
7. Үйге келген соң оқушы:
Әр тоқсанның басында медициналық қызметке оқушылардың демалысы кезінде қандай да бір медициналық көмек алғаны және мектепке оралғаннан кейін дәрі-дәрмек қабылдап жүргені жайлы білу маңызды.
Егер ұлыңыз немесе қызыңыз қандай да бір емдеу шараларын қабылдаса немесе дәрі-дәрмек ішіп жүрсе, мектептің медициналық қызметіне ахуалды егжей-тегжейлі баяндап, ақпарат жіберіңіз.
Егер балаңыз ауырып қалса, ол толық сауыққанша мектепке жібермеңіз. Дене қызуы көтерілгенде, іші өтіп, ауырғанда немесе жүрегі айнып, құсқан жағдайда бала 48 сағат өткенге дейін мектепке келмеуі тиіс.
Егер сізде сұрақтар болса, Alpamys school медициналық қызметіне хабарласыңыз.
Медициналық қызметпен байланысу
Электрондық пошта: medical@alpamys.edu.kz